Түркістанда 15 жастағы жасөспірім TikTok үшін атасының көлігін айдап кеткен

Азиз Қалижан Редактор
13.05.2026, 12:30
406
Түркістанда 15 жастағы жасөспірім TikTok үшін атасының көлігін айдап кеткен polisia.kz

TikTok-тағы видео полиция назарынан тыс қалмады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында 15 жастағы жасөспірім атасының көлігін рұқсатсыз мініп, оны TikTok-қа видеоға түсірген. Оқиға әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталған.

Полиция қызметкерлері желіден көлік тізгінінде отырған жасөспірімнің видеосын байқап, тексеріс жүргізген. Анықталғандай, оқиға Ордабасы ауданында болған.

Бейнежазбада көрінген жасөспірімдер полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында 15 жастағы мектеп оқушысы үйде ересектер болмаған сәтті пайдаланып, атасына тиесілі ВАЗ автокөлігін рұқсатсыз айдап кеткені белгілі болды. Ол сапарын видеоға түсіріп, TikTok желісіне жариялаған.

Полиция өкілдерінің айтуынша, жедел әрекет ету арқылы жол қозғалысының өзге қатысушыларына төнуі мүмкін қауіптің алдын алу мүмкін болған.

Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Ал жасөспірімнің заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандарға профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жүргізуші куәлігінсіз және тәжірибесіз көлік басқарудың ауыр салдарға әкелуі мүмкін екені ескертілді.

Құқық қорғау органдары әлеуметтік желілердегі осындай жарияланымдарды тұрақты бақылауда ұстап, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады