«Ешқандай ерсілік жоқ»: Дәулет Мұқаев әйелін парламент атынан құттықтағаны үшін сынға қалды

Аиса Махамбет Редактор
13.05.2026, 14:47
479
«Ешқандай ерсілік жоқ»: Дәулет Мұқаев әйелін парламент атынан құттықтағаны үшін сынға қалды бейнежазбадан

Депутат әйелге құрмет көрсету мәдениетін насихаттағысы келгенін айтып ақталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жұбайын парламент атынан құттықтағаны үшін туындаған қоғамдық сынға пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл әрекеттің астарында әйелге құрмет көрсету мәдениетін дәріптеу ниеті жатыр.

Депутаттың сөзінше, қазіргі қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесі жиі көтеріліп жатқандықтан, ер азаматтар жақын жандарын тірісінде қадірлеп, құрметін ашық көрсетуі керек.

«Басты мақсат – барымызды бағалай білу, қадірлеу, тірісінде құрметтеу. Қазір әйелдерге түрлі зорлық-зомбылықтар жасалып жатыр. Ер азаматтар әйелдерді құрметтеп, сол құрметін көрсетіп жүрсе деген ой болды», – деді ол.

Журналистің «Құттықтаудың басқа жолы болмады ма?» деген сұрағына депутат мұнда ешқандай ерсілік көрмейтінін айтты.

«Сіз солай қабылдауыңыз мүмкін. Бірақ менің және көп адамның көзқарасы бойынша мұнда оғаш ештеңе жоқ», – деді Мұқаев.

Бұған дейін әлеуметтік желіде депутаттың жұбайы Лаураға парламент атынан ресми құттықтау жасаған видеосы кең тараған еді. Дәулет Мұқаевтың айтуынша, мұндай құттықтаулар ақылы түрде рәсімделеді.

«Парламенттегі ресми құттықтауларды өзіміз сатып аламыз. Бір қағазы 5 мың теңге тұрады. Лаура 30 жасқа толғанда осындай құттықтау алғысы келетінін айтқан. Содан бері “гештальты” жабылмай жүрді. Биыл 32 жасқа толып жатыр. Парламент 1 шілдеде тарауы мүмкін болған соң, қолымда мүмкіндік тұрғанда жасап бердім», – деді депутат.

Кейін ол әлеуметтік желіде жұбайына арнаған жеке жазбасын жариялап, 11 жылдық отбасылық өмірі туралы әсерлі пікір қалдырған.

Алайда бұл жағдай қоғамда екіұдай пікір туғызды. Бір топ қолданушы мұны ерлі-зайыптылар арасындағы жылы әзіл мен романтикалық қадам ретінде қабылдаса, енді бірі мемлекеттік мәртебесі бар атрибуттарды жеке мақсатқа пайдалану қаншалықты орынды деген мәселе көтерді.

Әлеуметтік желілерде депутаттың бұрынғы қызметі мен қоғамдық рөліне қатысты да сын айтылды. Кейбір пікір иелері оның «декретке миллионмен» курстары мен табысы төңірегіндегі бұрынғы мәлімдемелерін еске алған.

Сондай-ақ оқырмандардың бір бөлігі депутаттардың ресми мінбер мен мемлекеттік ресурстарды жеке құттықтауларға қолдануы қоғамда жиі талқыланып келе жатқанын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Ардақ Назаров та Мәжіліс отырысында сөзін анасын туған күнімен құттықтаудан бастағаны үшін сынға ұшыраған болатын.  

Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді