Ұшақта өз бетінше орын ауыстырған жолаушы Астанада қамауға алынды

13.05.2026, 18:13
481
Ұшақта өз бетінше орын ауыстырған жолаушы Астанада қамауға алынды pixabay.com

Экипаж талаптарын елемеген ер адамды әуежайда полиция күтіп алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана әуежайында ұшақ ішінде тәртіп бұзған жолаушы ұсталып, бірнеше тәулікке қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мәліметінше, оқиға «Алматы – Астана» рейсінде болған. Ұшақ елордаға қонғаннан кейін әуе компаниясының өкілдері тәртіп бұзған ер адамды көлік полициясына тапсырған.

Тексеру барысында оның 37 жастағы Астана тұрғыны екені анықталған. Полицияның хабарлауынша, ер адам мас күйде болып, рейс кезінде өз бетінше басқа орындарға ауысып отырған, әуе көлігіндегі тәртіп ережелерін бұзған және экипаж талаптарына бағынбаған.

Құқық бұзушы полиция бөлімшесіне жеткізіліп, қоғамдық орында мас күйде жүргені және әуе кемесіндегі тәртіпті бұзғаны үшін жауапқа тартылған. Сот шешімімен ол 3 тәулікке қамауға алынды.

Осыған ұқсас тағы бір жағдай «Астана – Шымкент» рейсіне отырғызу кезінде тіркелген. Бұл жолы 35 жастағы Шымкент тұрғыны алкогольдік масаң күйде әуе компаниясы қызметкерлеріне былапыт сөздер айтқан.

Министрлік мәліметінше, ол да қоғамдық орында мас күйде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылып, сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Полиция өкілдері әуе көлігіндегі қауіпсіздік басты басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Ведомство көлік нысандарында қоғамдық тәртіпті бұзуға қатысты кез келген әрекет заң аясында қатаң тоқтатылатынын ескертті.

Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді