Тоқаев Ердоғанды Астана әуежайында жеке қарсы алды

13.05.2026, 19:48
507
Тоқаев Ердоғанды Астана әуежайында жеке қарсы алды Ақорда

Ердоғанның ұшағын Қазақстанның жойғыш ұшақтары сүйемелдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоған Астана әуежайында жеке қарсы алды. Түркия басшысының Қазақстанға сапары аясында елордада салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Ақорда мәліметінше, Түркия президентінің ұшағы Қазақстан шекарасынан бастап Астана әуежайына дейін Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің жойғыш ұшақтарының сүйемелдеуімен жеткізілген.

Әуежайда ұшақ трапының маңына құрмет қарауылы сап түзеген. Түркия делегациясын алғашқы болып Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Сондай-ақ түрік көшбасшысын Қазақстан мен Түркия тулары ұсталған балалар қарсы алып, екі тілде «Ata yurda hoş geldiniz!» және «Атажұртқа қош келдіңіз!» деп сәлемдесті.

Одан кейін әуежай аспанында Қазақстан және Түркия туларын алып ұшқан тікұшақтар көрініс көрсетті. Ал терминал ішінде жас музыканттар Ердоғанның құрметіне «Домбыра» композициясын орындады.

Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді. 13-14 мамыр аралығында өтетін сапар барысында тараптар қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін, сауда-экономикалық және саяси байланыстарды талқылайды.

Сонымен қатар Астанада Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысы өтеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді