Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады

14.05.2026, 09:03
374
Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады Getty Images

14 мамырда Қазақстанның жартысында қатты жел мен өрт қаупі күтіледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды. 14 мамырда ел аумағында шаңды дауыл, қатты жел, найзағай, үсік және жоғары өрт қаупі күтіледі. Синоптиктер тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақ болуға шақырды.

«Қазгидромет» мәліметінше, Жетісу облысында Алакөл маңында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Таулы аудандарда түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Сонымен қатар өңірдің оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы кей жерлерде 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Өңірдің оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі жарияланды. Осындай жағдай Атырау облысында да күтіледі. Мұнда да шаңды дауыл соғып, жел екпіні 15-20 метрге дейін күшеймек.

Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанып отыр. Кей аудандарда қатты жауын түсіп, тұман болады. Түнгі уақытта 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Абай және Павлодар облыстарында да үсік, тұман және қатты жел болжанған.

Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында жаңбыр және найзағай күтіледі. Ал Жамбыл облысының таулы аумақтарында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. Кей өңірлерде үсік жүру қаупі бар.

Синоптиктер Алматы облысының батысында және Жетісу облысының бірқатар ауданында жоғары өрт қаупі сақталатынын ескертті. Ұлытау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында да дала өрті қаупі жоғары деңгейде болады.

Мамандар тұрғындарға алыс жолға шыққанда сақтық шараларын күшейтіп, әсіресе жел мен шаңды дауыл кезінде жол қозғалысында мұқият болуға кеңес берді.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады