645

Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды

БҚО полиция департаменті күдікке ілінген қызметкердің ішкі істер органдарынан бірден шығарылғанын мәлімдеді.

Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды
Envato

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оралда полиция қызметкері қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Күдікті ішкі істер органдарынан бірден қуылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, іс Орал қаласы тұрғынының арызынан кейін қозғалған. Ведомство тергеу амалдарының жүріп жатқанын хабарлады.

«Күні бүгін аталған қызметкер ішкі істер органдарынан қуылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция департаменті құқық қорғау органдары қатарындағы заң бұзушылықтарға мүлде төзім болмайтынын атап өтті. Тергеудің өзге мәліметтері жарияланған жоқ.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор