«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды

Азиз Қалижан Редактор
14.05.2026, 16:16
707
«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды бейнежазбадан

ЖСН ала алмай ашуланған ресейлік қыздың видеосы қазақ азаматтарын ашуландырды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда ресейлік қыздың видеосы қызу талқыға түсті. Алматыға келген азаматша ЖСН мен банк картасын рәсімдеу кезіндегі бюрократияға шағымданып, әлеуметтік желіде даулы мәлімдеме жасады.

Threads желісінде жарияланған видеода ол бірнеше күн бойы ХҚКО мен банк арасында сабылғанын айтып, Қазақстандағы қызмет көрсету жүйесін сынға алған. Оның сөзінше, жеке сәйкестендіру нөмірінсіз банк шотын да, картаны да жылдам ашу мүмкін болмаған.

Алайда желідегі басты реакцияны бюрократия емес, қыздың айтқан сөзі тудырды. Видеода ол балағат сөздер қолданып, «Ресейдегі өзбектей сезініп тұрмын» деп мәлімдеген.

Бұл тіркес көпшіліктің ашуын туғызды. Қазақстандық қолданушылар мұны еңбек мигранттарына және өзге ұлт өкілдеріне қатысты менсінбеушілік ретінде қабылдады. Пікір жазғандар шетел азаматтарына ЖСН рәсімдеу — қалыпты заңды талап екенін, онсыз елде банк және мемлекеттік қызметтердің көбі көрсетілмейтінін еске салды.

Кейбір желі қолданушылары қыздың ашуға бой алдырғанын түсінуге болатынын айтқанымен, басым көпшілік оның сөйлеу мәнерін орынсыз деп бағалады. Комментарийлерде «банк қызметін Ресейден алсын», «мұндай сөздерге құқықтық баға берілуі керек» деген пікірлер де жазылған.

Сонымен қатар бірқатар қазақстандық бұл жағдай мигранттарға қатысты қалыптасқан стереотиптер мәселесін де ашып берді деп есептейді. Олардың айтуынша, видеодағы сөздер Ресейдегі еңбек мигранттарына жиі көрсетілетін менсінбеушілік көзқарастың көрінісін байқатады.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады