«35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды

Аиса Махамбет Редактор
14.05.2026, 17:32
426
«35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды бейнежазбадан

Тойдағы би сайысында өнер көрсеткен Бибігүл әлеуметтік желінің жаңа жұлдызына айналды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тойда тектоник билеген әйелдің видеосы желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік оның еркін қимылына, сенімділігіне және сахнаны бірден «алып кеткен» харизмасына тәнті болған.

Видеода Бибігүл есімді әйел мерекелік кештегі байқауға қатысып, кәсіби бишімен бірге өнер көрсетеді. Ол танымал Tecktonik стилінде билеп, көрерменнің ерекше ықыласына бөленген. Қонақтар оны қызу қолдап, зал ду қол шапалаққа толған.

Әлеуметтік желі қолданушылары Бибігүлдің кәсіби бишінің қимылын қайталамай, өзіндік стильмен билегеніне назар аударды. Көпшілік оның табиғи энергиясы мен еркіндігі кей сәттерде кәсіби орындаушылардан да басым түскенін жазып жатыр.

Видео астындағы пікірлердің бірі желіде трендке айналды. Қолданушылардың бірі: «Әр отбасыда осындай тәте бар» деп жазған. Бұл пікір көпшілікке ұнап, желіде кең тарап кетті.

Бибігүлдің өзі пікірлердің бірінде биге деген қызығушылығы 35 жастан кейін басталғанын айтқан. Осы сөздің өзі көптеген оқырманға шабыт бергені байқалады.

Желі қолданушылары әйелге арнап фан-клуб ашуды әзілмен ұсынып, оның биіне тәнті болғандарын жарыса жазып жатыр.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады