Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр

15.05.2026, 09:03
105
Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр Angelo F- / Getty Images

Қазақстанның бірнеше өңіріне бірден дауылды ескерту жарияланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірнеше өңірінде 15 мамырға арналған дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер күшті жел, шаңды дауыл, найзағай, үсік және өрт қаупі туралы ескертті.

Ең күрделі жағдай Атырау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында күтіледі. Бұл аймақтарда жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Кей өңірлерде ауа температурасы 35 градусқа дейін көтерілсе, енді бір аймақтарда түнгі үсік болжанып отыр.

Атырау облысында 15 мамырда найзағай, шаңды дауыл және қатты ыстық қатар күтіледі. Өңірдің солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі жарияланған. Атырау қаласында да шаңды дауыл соғып, жел екпіні 18 м/с-қа дейін күшейеді.

Жетісу облысында солтүстік-шығыс желі күшейіп, таулы аудандарда екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді. Сонымен қатар таулы аймақтарда түнде 1 градус үсік жүруі ықтимал. Өңірдің оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 28 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі жарияланды.

Түркістан облысында да синоптиктер шаңды дауыл мен қатты жел туралы ескертті. Әсіресе облыстың батысы, солтүстігі және орталығында жағдай күрделенуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, түнгі үсік жүреді. Кей аудандарда тұман түсіп, жел күшейеді.

Павлодар, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында да түнгі үсік сақталады. Кей өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жаңбыр мен найзағай болжанса, Жамбыл облысында екпіні 28 м/с-қа жететін күшті жел соғуы мүмкін.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты алыс жолға шыққанда сақ болуды, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ескертті.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады