«Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО)

15.05.2026, 09:47
108
«Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) бейнежазбадан

Қайырымды жан бірнеше диагнозбен өмір сүріп жүрген жігіттің еміне ақша беріп, баспаналы етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ауыр дертпен күресіп жүрген 31 жастағы Александрдың өмірі күтпеген жерден өзгерді. Бетперде киген қайырымды жан оған пәтер сыйлап, емделуіне қаржылай көмек көрсетті.

Александр церебралды сал ауруына шалдыққан. Бұдан бөлек, оның аяғында ақау бар, қалқанша безінің қатерлі ісігі анықталған және көру қабілеті де нашарлаған. Соған қарамастан ол өмірден түңілмей, еңбек етіп келеді.

Ер адам бесінші қабаттағы жалдамалы бөлмеде жалғыз тұрғанын айтады. Күндіз инженер-бағдарламашы болып жұмыс істесе, кешке курьер болып табыс табады.

«Курьер болып жүргенімде кей адамдар күледі. Әрине, бұл маған ауыр тиеді. Бірақ кейде мүгедектігіме де шүкір деймін. Мүмкін, тағдыр мені осылай бір нәрседен қорғап жүрген шығар», – дейді Александр.

Ол туғаннан кейін әкесінің өзін тастап кеткенін, ал анасы ішімдікке салынып кеткенін де жасырмады.

«Анам да дені сау бала күтті ғой. Ал мен мүгедек болып тудым. Кейде анамның ішімдікке салынуына өзімді кінәлаймын. Кәдімгі ұл сияқты анаммен қыдырғым келеді. Қолға көтеріп, арқалап жүргім келеді. Бірақ оған шамам жоқ», – дейді ол.

Александрдың оқиғасы әлеуметтік желіде кең тарағаннан кейін «Бетперде киген адам» атанып кеткен меценат оған баспана алып беріп, емделуіне қаражат бөлген.

Желі қолданушылары бұл оқиғаға бейжай қарамай, Александрдың өмірге деген жігеріне тәнті болғандарын жазуда.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан