Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты

Аиса Махамбет Редактор
15.05.2026, 13:06
125
Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты threads.com/@anondron

Туыстары жігіттің соққыға жығылғанын айтып, жедел жәрдем кеш шақырылғанын мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысында 26 жастағы жігіттің қазасына байланысты қайғылы оқиға тергеліп жатыр. Алдын ала дерек бойынша, ол 70 мың теңгелік түсім үшін болған жанжалдан кейін көз жұмған.

Оқиға 10 мамыр күні Боралдай кентінде болған. Туыстарының айтуынша, марқұм Бахром «Эдельвейс» кафесіне жұмысқа келген кезде, оның танысымен арасында кассадағы 70 мың теңге төңірегінде дау туындаған.

Отбасының мәліметінше, шамамен 20:18 бен 21:04 аралығында жас жігіт соққыға жығылған. Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысы оның көкбауыры жарылып, кейін қан құсып жатқанын көрсеткен.

Жақындары жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында қан іздері тазаланып, зардап шеккен адамның киімі ауыстырылған болуы мүмкін екенін де айтады. Жедел жәрдем тек 21:04-те шақырылған. Кейін Бахром ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның қайтыс болғанын растаған.

Туыстарының сөзінше, күдіктілердің бірі марқұмның «жай құлап қалғанын» алға тартқан.

Полиция бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Тергеу аясында бейнебақылау жазбалары зерттеліп, куәгерлер мен медицина қызметкерлері жауап алынып жатыр. Іс облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды