«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды

15.05.2026, 14:47
88
«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды бейнежазбадан

Даулы видео жариялаған Ресей азаматы Алматыда қамауда отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда әлеуметтік желідегі даулы видеодан кейін Ресей азаматшасы 10 тәулікке қамауға алынды. Ол Қазақстанға банк картасын рәсімдеу үшін келгенін айтқан.

Видео әлеуметтік желілерде кең таралып, қоғамда қызу талқыға түсті. Жазбада шетелдік азаматша банк пен ХҚКО арасындағы ұзақ бюрократиялық процестерге шағымданған. Оның айтуынша, бірнеше күн бойы құжат рәсімдеу үшін мекемелер арасында жүруге мәжбүр болған.

Желі қолданушыларының ерекше назарын әйелдің «Өзімді Ресейдегі өзбек сияқты сезіндім» деген сөзі аударған. Көпшілік бұл пікірді менсінбеушілік әрі этностық астары бар орынсыз салыстыру ретінде қабылдады. Ал кейбір қолданушылар оның эмоцияға беріліп сөйлегенін айтқан.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған видеоға байланысты тексеру жүргізілгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, шетелдік азаматша қоғамдық орында балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Полиция өкілдері заң талаптары азаматтығына қарамастан баршаға бірдей қолданылатынын атап өтті. Осы факті бойынша ұсақ бұзақылық бабы негізінде әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданған.

Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

Құқық қорғау органдары қоғамдық орындарда әдеп нормаларын сақтау мен дөрекі мінез-құлыққа жол бермеу барлық азамат үшін міндетті екенін ескертті.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды