Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды

Аиса Махамбет Редактор
15.05.2026, 16:11
119
Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды instagram.com/kerey_khan03

Гүлайым Рахмонова жаңа туған сәбиінің суретін жариялады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, файтер Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова бесінші сәбиін дүниеге әкелді. Қуанышты жаңалықты ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Гүлайым Instagram Stories бөлімінде жаңа туған сәбиінің суретін бөлісіп, оқырмандарына сүйінші хабарын жеткізген. Желі қолданушылары жас анаға құттықтау жаудырып жатыр.


instagram.com/kerey_khan03

Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонова UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновпен ажырасқанын ресми түрде мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар оның есімі былтырғы ірі жол апатынан кейін қоғам назарында қалған еді. 2025 жылдың шілдесінде Гүлайым Рахмонова басқарған көлік жол-көлік оқиғасына ұшырап, салдарынан екі адам қаза тапқан.

Кейін бұл іс сотта қаралып, Гүлайым Рахмонова Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Сот оны бес жылға бас бостандығынан айырып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырған. Алайда негізгі жаза бес жыл мерзімге кейінге шегерілген.

Осы оқиғадан кейін қоғамда қызу талқыланған Гүлайым Рахмонова араға уақыт салып, отбасындағы жаңа қуанышпен бөлісті.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды