Шаңды дауыл, үсік пен нөсер: елде ауа райы күрт бұзылады
Қазақстанның жартысында дауылды ескерту жарияланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірнеше өңірінде 18 мамыр күні ауа райы күрт құбылып, синоптиктер дауылды ескерту жариялады. Елдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғып, кей аймақтарда нөсер жаңбыр, найзағай мен бұршақ күтіледі. Сонымен қатар бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр.
Түркістан облысы аумағында таулы аудандарда өткінші жаңбыр мен найзағай болжануда. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрып, жел екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Шымкент пен Түркістан қалаларында да қатты жел мен жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында 18 мамырда жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей жерлерде нөсер жауын жауып, тұман түсуі ықтимал. Ақтау қаласында да түнде қатты жаңбыр болжанған.
Ақтөбе облысында жел екпіні 28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл соғып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында жаңбыр мен найзағайға қоса шаңды дауыл күтіледі. Кей аудандарда желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді. Атырау қаласында да дауылды жел мен жоғары өрт қаупі болжануда.
Қызылорда облысында күндіз жаңбыр, найзағай және дауыл күтіледі. Облыстың бірнеше бөлігінде шаңды дауыл соғып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысы мен Павлодар облысында түнгі уақытта үсік жүруі мүмкін. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Жетісу облысы, Жамбыл облысы, Ұлытау облысы және Батыс Қазақстан облысында да қатты жел, найзағай және шаңды дауыл болжанып отыр.
Синоптиктер тұрғындарға алыс жолға шыққанда сақ болуға, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және ауа райының күрт өзгеруін ескеруге кеңес берді.
Материал авторы