588

Доллар арзандады ма: Бүгінгі айырбас бағамы жарияланды

Елімізде доллар, еуро және рубль қаншадан сатылып жатқаны белгілі болды.

Доллар арзандады ма: Бүгінгі айырбас бағамы жарияланды
apomares / Getty Images Signature

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 18 мамырдағы валюта бағамдары бойынша елдің ірі қалаларындағы айырбастау пунктерінде доллар мен еуро құны сәл құбылған. Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында шетел валютасын сатып алу мен сату бағасы жарияланды.

Kurs.kz дерегіне сәйкес, Астана қаласындағы айырбастау орындарында доллар орта есеппен 466,93 теңгеден сатып алынып, 473,80 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 544 теңге, сату бағамы – 553,96 теңге. Ресей рублі 6,19–6,49 теңге аралығында саудалануда.

Алматы қаласында долларды 468,45 теңгеден сатып алып, 470,69 теңгеден сатуда. Еуро бағамы 545,65–550,59 теңге аралығында қалыптасты. Ал рубль құны 6,17–6,30 теңге шамасында.

Шымкенттегі айырбастау бекеттерінде доллар 468,87 теңгеден қабылданып, 470,93 теңгеден сатылуда. Еуро 544,87–548,73 теңге аралығында саудаланса, рубльдің бағамы 6,24–6,31 теңге болып тұр.

Қазақстан Ұлттық банкінің ресми бағамына сәйкес, 18 мамырда 1 доллар – 470,17 теңге, 1 еуро – 547,47 теңге, ал 1 рубль 6,42 теңге деңгейінде бекітілген.

Материал авторы