Оралда қонақүйде ер адамды өлтірген қыз 10 жылға сотталды

05.05.2023, 18:46
533
Оралда қонақүйде ер адамды өлтірген қыз 10 жылға сотталды smartnews.kz

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бақтыгүл Иратқызына қатысты үкім шықты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Аталмыш соттың баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Б.Иратқызы ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес айыпты деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

Судья Шара Зайнуллина қараған сот барысында анықталғанындай, қонақүй бөлмесінде алкогольдік ішімдік ішу барысында Н.Иманбаев сотталушыға ұсыныс жасап, жыныстық қатынасқа түсуге итермелеген. Бұған қатты ашуланған Б.Иратқызы жарық шамның сымын алып, еденде отырған жәбірленушінің мойнынан екі рет орап, қылғындырып өлтірген.

Сотта Б.Иратқызы кінәсін ішінәра мойындап, өлтіру ойы болмағанын, «оқиға абайсызда болды» деп болған іске шын ниетпен өкінетінін айтып, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сотталушының жәбірленушіні қасақана өлтірудегі кінәсі оның сотқа дейінгі және сотта берген жауаптарымен, оқиға болған жерді тексеру және нақтылау, сот-медициналық сараптама қорытындыларымен, куәлардың, сарапшылардың және басқа да іс материалдарымен дәлелденген.

Б.Иратқызының қылмысы аса ауыр қылмыстар санатына жатады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды