«Сабырлы адам еді»: Гүлзира Айдарбекованың жақыны қайтыс болды
Марқұмды көзі тірісінде соңғы рет көру үшін үйіне барған сәт жүрекке ауыр әсер қалдырғанын айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жақын құрбысы әрі туған сіңлісіндей болған кәсіпкер Сәуле Базарханның өмірден өтуіне байланысты әлеуметтік желіде жүрек тебірентер жазба жариялады.
Айдарбекова соңғы күндері марқұмға қатысты естеліктерімен бөлісіп, бұл қайғылы жағдайдың өзіне ауыр соққы болғанын жасырмады. Оның айтуынша, екі түн қатарынан ұйықтай алмаған.
«Гүлеке деп күлімдеп кіріп келетіндей, қоңырау шалатындай болып тұрады», – деп жазды ол.
Продюсердің сөзінше, ол құда-құдағиларымен бірге Ташкентке концертке барып, кейін Шымкентте демалуды жоспарлаған. Алайда ұшақ қонған кезде телефонынан бірнеше жауапсыз қоңырауды көрген. Қайғылы хабарды естіген соң, ол барлық жоспарынан бас тартып, шұғыл түрде кері қайтқан.
«Ең болмаса жер қойнына тапсырмай тұрып, Саулешімді өз көзіммен көргім келді. Үйіне бардым, кірдім, көрдім. Моп-момақан болып ұйықтап жатқандай. Өзі де өте сабырлы еді», – деп еске алды ол.
Сол күні кешке марқұмның үйінде жақындары мен бауырлары жиналып, қоштасу рәсімі өткен. Айдарбекова ертесіне Ташкенттегі концертке байланысты қайта ұшуға мәжбүр болғанын да атап өтті. Ал жақындары – Жұлдыз, Заңғар және Индираға жаназа мен Құранға қатысуды тапсырған.
«Сәуле туған сіңлімдей жақын екенін білесіңдер дедім. Олар түгел барып, көңілдері түсіп қайтты», – деді ол.
Продюсер қоштасуға келгендердің барлығы көз жасын тыя алмағанын, марқұмды қимай шығарып салғанын жеткізді.
Материал авторы