Депутат Дәулет Тұрлыханов Роза Рымбаеваға көлік сыйлады
Қалбатауда өткен ауқымды концертте депутат Дәулет Тұрлыханов өнер жұлдыздарына құрмет көрсетті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға көлік сыйлады.
Қуанышты оқиға Абай облысындағы Қалбатау ауылында өткен ашық аспан астындағы гала-концерт кезінде болған. Бұл туралы өңірдің ақпараттық парақшаларында жарияланды.
Мәдени кешке Роза Рымбаевамен қатар Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya қатысып, өнер көрсетті.
Әлеуметтік желіде тараған видеода Дәулет Тұрлыхановтың сахнада Роза Рымбаеваға көлік кілтін табыстаған сәті көрсетілген.
Айта кетейік, бұған дейін Роза Рымбаева сахнадан дер кезінде кетудің маңызын айтқан еді. Өнер иесі жас ұлғайып, денсаулық сыр бере бастағанда көрермен алдында бұрынғыдай өнер көрсету қиын болатынын жеткізген.
Материал авторы