522

Америкалық рэпер Астанадағы концертте сәбидің жынысын жариялап берді (ВИДЕО)

Әлемдік жұлдыз Астанада күлкілі жағдайға тап болды.

Америкалық рэпер Астанадағы концертте сәбидің жынысын жариялап берді (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 17 мамыр күні Астанада өткен Solana Fest халықаралық фестивалінде күтпеген әрі көңілді сәттердің бірі болды. Америкалық рэпер Tyga концерт кезінде сахна үстінде болашақ сәбидің жынысын жариялап берді.

Фестиваль аясында сахнаға әлемдік музыка жұлдыздары — Nicole Scherzinger, Timbaland, Busta Rhymes, Flo Rida және басқа да орындаушылар шыққан.

Концерт барысында көрермендердің бірі Tyga-ға конверт ұсынып, ішіндегі ақпаратты оқып беруді сұраған. Конвертте болашақ баланың жынысы жазылған екен. Алайда мәтін орыс тілінде әрі кириллицамен жазылғандықтан, рэпер оны оқи алмай қалған.

Сол сәтте Tyga көрермендерден көмек сұрап, кейін жұртшылықтың қолдауымен жұптың қыз күтіп жүргенін жариялаған. Бұл эпизод видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде жылдам тарады.

Қазақстандық желі қолданушылары жағдайды әзілмен қабылдады. Көпшілік «Tyga-ның Астанада gender party жүргізетінін кім ойлаған?» деген сарындағы пікірлер қалдырған.

Концерттен кейін рэпер Instagram парақшасында қазақстандық жанкүйерлерге қысқа алғыс айтып, «Махаббаттарыңызға рақмет» деп жазды.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор