951

«Бәріңді жойып тынамын!»: Пашинян тұрғынмен жанжалдасып, ашуға булықты (ВИДЕО)

Әйел Армения премьеріне «халық жауы, елімізді құрттың» деп айқай салған.

«Бәріңді жойып тынамын!»: Пашинян тұрғынмен жанжалдасып, ашуға булықты (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Армения премьер-министрі Никол Пашинян сайлауалды үгіт науқаны кезінде тұрғын әйелмен сөзге келіп, эмоциясын тежей алмай қалды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде кең тарап кетті.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, үгіт шарасы барысында жиналғандардың бірі премьер-министрді елді күйретті деп айыптаған. Кейін бұл әйелдің 2020 жылғы Таулы Қарабақтағы 44 күндік соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен жоғары шенді офицердің әпкесі екені белгілі болды.

«Сен елімізді құрттың, ұлымызды тартып алдың. Сен – халық жауысың», – деген әйел Пашинянның саясатын ашық сынаған.

Өз кезегінде премьер-министр соңғы сегіз жылда елде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі құрылғанын айтып, мемлекеттік реформалар туралы сөз қозғаған. Алайда тұрғын әйел оның жауабына қанағаттанбай, пікірталас ушыға түскен.

Осы сәтте Пашинян ашуға булығып, жиналғандардың бір бөлігіне ауыр сөздер айтқан.

Армения премьері әлеуметтік желіде «қарабақтық акцентімен» сөйлейтін адамдардың «бетпердесі сыпырылатынын» мәлімдеп, қатаң ескерту жасаған.

Сонымен қатар Никол Пашинян бұрынғы президенттер Роберт Кочарян мен Серж Саргсян ұлдарын, сондай-ақ оппозициялық саясаткерлер Гагик Царукян мен Самвел Карапетян төңірегін де ауыр айыптаулармен атаған.

Желіде тараған кадрлар Армения қоғамында қызу пікірталас туғызды.

Материал авторы