19 мамырдағы валюта бағамы: доллар мен еуро қаншаға саудаланып жатыр
Айырбастау пункттеріндегі жаңа бағам жарияланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 19 мамырдағы жағдай бойынша Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің жаңартылған бағамы жарияланды.
Kurs.kz дерегіне сәйкес, елордадағы айырбас бекеттерінде АҚШ доллары орта есеппен 465,93 теңгеден сатып алынып, 472,85 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы — 541,03 теңге, сату бағамы — 551,06 теңге. Ресей рублі 6,09–6,40 теңге аралығында саудалануда.
Ал Алматы қаласында доллар 467,93 теңгеден қабылданып, 470,04 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 544,43–549,61 теңге аралығында қалыптасты. Ресей рублі 6,24–6,38 теңге деңгейінде айырбасталуда.
Шымкент айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы 468,81 теңгеге жетсе, сату құны 470,81 теңгені құрады. Еуро 543,08–547,40 теңге аралығында саудалануда. Рубль бағамы — 6,29–6,35 теңге.
Ресми валюта бағамына сәйкес, бүгін бір доллар 467,58 теңге, бір еуро 543,66 теңге, ал бір рубль 6,44 теңге болып белгіленді.
Материал авторы