651

Қайрат Нұртас өзіне тиіспеуді талап етті

Қайрат Нұртас жариялаған сурет астындағы сөздер оқырман назарын бірден аударды.

Қайрат Нұртас өзіне тиіспеуді талап етті
instagram.com/kair_n

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі жаңа жазбасымен оқырмандарын тағы да елең еткізді.

Әнші Instagram парақшасында ноутбукпен отырған суретін жариялаған. Кадрда оның алдында бірнеше тағам тұрғанын көруге болады. Алайда көпшіліктің назарын фото емес, оның астына жазылған қысқа сөйлем аударды.

«Маған тимеңдер», — деп жазды өнер иесі.

Жұмбақ жазба желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Кейбірі әншіге қолдау білдірсе, енді бірі оның көңіл күйіне алаңдаушылық танытқан.

Пікір қалдырған жанкүйерлердің басым бөлігі жүрек белгілерін жолдап, әншіге жылы лебіздерін арнаған. Кейбір оқырмандар тіпті оған махаббаттарын ашық мойындаған. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор