1361

АҚШ-тағы бітіру кешінде қазақ студенттер көк туды көтеріп шықты (ВИДЕО)

Шетелде жүрген жастар бір-біріне бауырдай болып кеткендерін айтты.

АҚШ-тағы бітіру кешінде қазақ студенттер көк туды көтеріп шықты (ВИДЕО)
instagram.com/bekarys_kk

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақ түлек Қошқарбай Бекарыс АҚШ-тағы University of Massachusetts Amherst магистратурасын аяқтап, бітіру рәсімінен кейінгі әсерімен бөлісті.

Қазақстандық студент әлеуметтік желіде салтанатты шарадан видео жариялап, оқу жолындағы еңбектің жемісі қайтқанын жазды.

«Еңбек өз нәтижесін береді. Барлығы ел игілігіне бұйырсын», — деді ол.

Оның айтуынша, биыл университет магистратурасын әлемнің 70-тен астам елінен келген шамамен 2300 студент тәмамдаған. Алайда салтанатты рәсімде өз мемлекетінің туын көтеріп шыққан жалғыз топ — қазақстандықтар болған.

«Бұл рәсімде өз елінің туын ұстап тұрған тек біз — қазақтар», — деп атап өтті студент.

Кошқарбай Бекарыс шетелде білім алу жылдары қазақстандық жастардың бір-біріне жақын болып кеткенін де айтты. Оның сөзінше, алыста жүріп олар достан гөрі бауырдай араласқан.

Сондай-ақ ол білімге ұмтылған, мақсатшыл қазақ студенттерімен бірге оқығанын мақтан тұтатынын жеткізді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор