Доллар қымбаттады: Айырбастау пункттеріндегі жаңа бағам жарияланды
Ірі қалалардағы валюта құны белгілі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валютасының жаңартылған бағамы жарияланды.
Kurs.kz дерегіне сәйкес, елордадағы айырбастау орындарында доллар 467,01 теңгеден сатып алынып, 473,91 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы — 544 теңге, сату құны — 553,91 теңге.
Ресей рублі Астанада 6,29–6,60 теңге аралығында саудалануда. Ал қытай юані 67,59 теңгеден қабылданып, 73,06 теңгеден сатылып жатыр.
Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың сатып алу бағамы 470,86 теңгені құраса, сату бағасы 473,13 теңгеге жеткен. Еуро 546,80 теңгеден қабылданып, 552,09 теңгеден сатылуда.
Оңтүстік мегаполисте рубль бағамы 6,37–6,52 теңге аралығында өзгеріп тұр. Юань 68,25 теңгеден сатып алынып, 70,77 теңгеден ұсынылуда.
Материал авторы