553

Абай облысында өгей қызын зорлаған еркек 20 жылға сотталды

Кәмелетке толмаған қызға бірнеше рет зорлық жасаған ер адамға үкім шықты.

Абай облысында өгей қызын зорлаған еркек 20 жылға сотталды
globalsib.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысында кәмелетке толмаған қызға бірнеше рет зорлық көрсеткен өгей әкеге қатысты сот үкімі шықты. Ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, қылмыс қыз баланың құқық қорғау органдарына жүгінуінен кейін әшкереленген. Ол бұл туралы прокуратура ұйымдастырған профилактикалық кездесуден соң айтуға бел буған.

Ведомство дерегіне сәйкес, 2025 жылғы 24 шілдеде Жарма ауданында жасөспірімдермен кездесу өтіп, онда жеке қауіпсіздік, балалар құқығын қорғау және заң бұзушылық болған жағдайда қайда жүгіну керектігі түсіндірілген.

Кездесуден кейін кәмелетке толмаған қыз аудан прокуратурасына барып, өгей әкесінің өзіне бірнеше рет заңсыз әрекет жасағанын мәлімдеген.

Прокуратура тапсырмасымен дереу сотқа дейінгі тергеу басталып, іс жан-жақты әрі объективті зерттелген.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, 20 жылға соттады. Үкім заңды күшіне енген.

Абай облысының прокуратурасы азаматтарды балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін жасырмауға және құқық қорғау органдарына уақытылы хабарлауға шақырды. Ведомствоның мәлімдеуінше, дер кезінде жасалған арыз балалардың құқығын қорғап, кінәлілерді жауапқа тартуға мүмкіндік береді. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор