613

«Басқа адамға бармайды»: Қайрат Нұртас бесінші қызымен түскен әсерлі видеоны жариялады

Әнші әлеуметтік желіде кенже қызы Рәбия Сұлтанмен түскен видеосын бөлісті.

«Басқа адамға бармайды»: Қайрат Нұртас бесінші қызымен түскен әсерлі видеоны жариялады
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында кенже қызы Рәбия Сұлтанмен түскен әсерлі видеосын жариялады.

Бейнежазбада өнер иесі кішкентай қызын құшағына алып отырған сәтін көрсеткен. Рәбия Сұлтан — Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың бесінші перзенті. Сәбилі болғаны туралы жұп өткен жылы хабарлаған еді.

Әнші видеода қызының өзінен басқа ешкімнің қолына бара бермейтінін айтып, әкелік сезімін жасырмады.

Жарияланымға фон ретінде Jah Khalibтың «Доча» әні қойылған. Айта кетейік, жұлдызды жұп әзірге қыздарының жүзін көпшілікке көрсетпеген.

Видеоны желі қолданушылары жылы қабылдады. Көпшілік Рабия Сұлтанды әкесіне қатты ұқсатып, Қайрат Нұртасты үлгілі әке деп атаған.

Жарияланымға Светлана Лобода, Наzима секілді өнер өкілдері де пікір қалдырған.

Желі қолданушыларының бірі «Әкесінің еркесі екені көрініп тұр» деп жазса, енді бірі «Үлкен қызы университетте оқып жүр, ал кенжесі әлі тәй-тәй баспаған — бұл Қайрат үшін мүлде бөлек кезең» деп пікір білдірген.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор