1390

Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітке қандай айып тағылғаны белгілі болды

Дубай соты қазақстандық жігітті өмір бойына түрмеге қамаған.

Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітке қандай айып тағылғаны белгілі болды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Дубайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандыққа қатысты қылмыстық істің мән-жайын жариялады.

СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, Біріккен Араб Әмірліктерінің құзырлы органдары ұсынған ақпаратқа сәйкес, биыл 18 наурызда Дубай қаласының бірінші инстанция соты Қазақстан азаматын кінәлі деп танып, оған өмір бойына түрме жазасы мен айыппұл тағайындаған.

Министрлік мәліметінше, қазақстандық 2025 жылы қозғалған ауыр қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың бірі ретінде өтіп жатыр.

«Эмират тарапының дерегіне сәйкес, аталған азамат адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғу фактілері бойынша тергелген іс аясында жауапқа тартылған», – деді Ерлан Жетібаев.

СІМ өкілі қазіргі уақытта қорғаушылардың апелляциялық шағым бергенін атап өтті. Осыған байланысты сот үкімі әлі заңды күшіне енбеген.

Министрлік пен Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігі істі ерекше бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.