«ҚазМұнайГаздың» арнайы жұмыс тобы Жаңаөзен кәсіпкерлерімен кездесті

06.05.2023, 11:06
767
«ҚазМұнайГаздың» арнайы жұмыс тобы Жаңаөзен кәсіпкерлерімен кездесті «ҚазМұнайГаз»

Жаңаөзенде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов бастаған арнайы жұмыс тобы қаладағы 30-ға жуық кәсіпорынның басшыларымен кездесті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты ҚМГ-сайтына сілтеме жасап.

Кездесуге «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Н.Қилыбай, Жаңаөзен қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры А.Шарапатдинов, жергілікті атқарушы орган өкілдері, сондай-ақ мәслихат депутаттары қатысты.

Жаңаөзен аумағында бірқатар тауар өндірісі мен қызмет түрлерін дамыту мәселесі талқыланды.

Д.Хасанов атап өткендей, талдау барысында «Өзенмұнайгаз» компаниясының сатып алу қызметінде болашақта отандық өндірушілер жеткізуіне болатын тауар мен қызмет түрлерінің бар екені анықталды. «Бұл шара өңірдегі жұмыссыздық мәселесін шешуге және жергілікті тауарлар мен қызметтерді дамытуға ықпал етеді», - деп атап өтті жұмыс тобының жетекшісі.

Жиынға қатысушылар өңірдегі қажеттіліктерді анықтап, тиісті ұсыныстарды қарайтын арнайы шағын топ құру туралы шешім қабылдады.

photo

«Бүгінде қала кәсіпкерлері ысырмаларды жөндеу, шыныпластика құбырларын жөндеу, гидравликалық кілтті жалға алу және металл сынықтарын радиациядан тазарту сияқты қызметтерді дамыту бойынша жобаларды қолға алғанын айта кету керек.

Арнайы жұмыс тобы жергілікті тауар мен қызмет түрлері бойынша перспективалы бағыттарды анықтау үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ сатып алу қызметін толық талдау жұмысын жалғастырады», - делінген ҚМГ мәліметінде.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды