609

Астана – Шымкент пойызында мас жолаушы купе ішінде дәрет сындырған (ВИДЕО)

Пойыз ішінде мас күйде болған жолаушының әрекеті балалардың жарақат алуына себеп болған.

Астана – Шымкент пойызында мас жолаушы купе ішінде дәрет сындырған (ВИДЕО)
instagram.com/in_da_krg

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана – Шымкент бағыты пойызында мас күйдегі жолаушының әрекеті салдарынан қоғамдық тәртіп бұзылып, кәмелетке толмаған бала жарақат алды. Оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары әкімшілік шара қолданған.

Жолаушының айтуынша, ол 3 мамыр күні шамамен 23:00-де баласымен бірге жоғары жайлылықтағы купеге отырған. Алайда бірнеше сағаттан кейін жағдай ушыға бастаған.

Куәгердің сөзіне қарағанда, купедегі ер адам ұзақ уақыт бойы сыртта жүрген, кейін түнгі шамамен 01:30-да қатты мас күйде қайта оралған. Ол киімін шешіп, жоғарғы орынға жатып алған. Вагон дәлізінде де тағы екі мас ер адам жүргені айтылды, олар қатты сөйлеп, басқа жолаушылардың тыныштығын бұзған.

Жолаушы әйелдің айтуынша, ер адам купеде айғайлап, оғаш дыбыстар шығарған, ал алкоголь иісі өте өткір болған.

«Бір жағынан дәліздегі шу, екінші жағынан купедегі сасық иіс – демалу мүмкін болмады», – дейді ол.

Алайда ең ауыр жағдай таңғы сағат 04:00 шамасында болған. Мас күйдегі жолаушы ұйықтап жатып, өз орнында физиологиялық қажеттілігін өтей бастаған. Оқиға кезінде купе есігі ашық тұрған.

Осы сәтте 8 жастағы бала ұйқыда жатып, қолын есік арасына кіргізіп алған. Нәтижесінде саусақтары қысылып, бала жарақат алып, қатты шок алған.

Оқиға станциясында жедел жәрдем мен полиция шақырылған. Бала медициналық тексерістен өткен.

Жолаушы тараптың айтуынша, кейін пойыз қызметкерлері олардан шағымданудан бас тарту туралы құжатқа қол қоюды бірнеше рет ұсынған, алайда ата-анасы келіспеген.

Көліктегі полиция департаменті мәліметінше, құқық бұзушы Шу станциясы бекетінде пойыздан түсірілген. Ол 50 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны екені анықталған.

Тергеу барысында оның вагон-ресторанда алкоголь ішкені және мас күйде қоғамдық тәртіпті бұзғаны белгілі болды. Ер адам полиция бөліміне жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Оған қоғамдық орында мас күйде болу және тыныштықты бұзу бабы бойынша 10 АЕК айыппұл салынды. Сонымен қатар Қарағанды қаласының мамандандырылған соты оны ұсақ бұзақылық үшін қосымша 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеген.

Материал авторы