886

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатының ісі сотқа жолданды

Қылмыстық іс бойынша тергеу қысқа мерзімде аяқталып, материалдар сотқа жолданған.

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатының ісі сотқа жолданды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған резонансты жол апатына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Алдын ала сот отырысы 28 мамыр күні сағат 15:00-ге белгіленген. Бұл туралы жол апатынан қаза тапқан 29 жастағы Mercedes жүргізушісінің туыстарының мүддесін қорғап жүрген адвокат Олег Чернов мәлімдеді.

Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу толық аяқталған. Іс Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қаралады.

Адвокат тергеу жұмыстарының қысқа мерзімде жүргізілгенін айтып, Алматы қалалық полиция департаменті қызметкерлеріне алғыс білдірген.

Бұған дейін қорғаушы айыпталушы тарап марқұм Еламанның туыстарымен татуласуға әрекет жасағанын хабарлаған еді. Алайда қаза тапқан азаматтың отбасы бұл ұсыныстан бас тартқан.

Еске салайық, жол апаты 21 наурызға қараған түні болған. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен көліктегі 20 және 22 жастағы екі қыз қаза тапты.

Бейресми мәлімет бойынша, Zeekr көлігі басқа автокөлікпен жарысқа түскен болуы мүмкін. Тергеу барысында Zeekr жүргізушісінің апат кезінде жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталған.

7 сәуірде ол тергеу изоляторына қамалған.

Оқиғадан кейін әрекетсіздік фактісі бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Іс полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты тіркелген.

Кейін Қазақстан Ішкі істер министрлігі Алматы полициясы басшылығының бірқатар өкілін қызметінен босатты. Олардың қатарында департамент бастығының орынбасары, әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының жетекшілері бар.

Материал авторы