Алматыда құрылыс алаңынан шыққан 25 жастағы жігіт жоғалып кетті
Ерзат Егізбай 19 мамыр күні құрылыс алаңынан шыққаннан кейін байланысқа шықпаған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 25 жастағы Ерзат Егізбай із-түзсіз жоғалып кетті. Жас жігітті соңғы рет 19 мамыр күні құрылыс алаңынан шығып бара жатқанда көрген. Іздеу туралы ақпаратты еріктілердің LIDER.KZ ұйымы жариялады.
Мәліметке сәйкес, жоғалған азамат — 2000 жылы 18 желтоқсанда туған Егізбай Ерзат Шалқарұлы.
Еріктілердің айтуынша, ол 19 мамыр күні шамамен сағат 14:30-да Жетісу ауданындағы Райымбек көшесі бойындағы 147Б үй маңындағы құрылыс нысанынан шығып кеткен. Содан бері одан хабар жоқ.
Жоғалған жігіттің бойы шамамен 165-170 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қысқа әрі қара түсті. Үстінде қара кепка, қоңыр жилет, қоңыр кофта, қара шалбар және қара кроссовка болған.
Ерзаттың қайда жүргені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан еріктілерге немесе полицияның 102 нөміріне хабарласу сұралды.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы іздестіру ісін тіркегенін хабарлады. Қазір жоғалған азаматтың жүрген жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Материал авторы