Браконьерлер аулаған 7 итбалық Каспий теңізіне қайта жіберілді

06.05.2023, 14:49
605
Браконьерлер аулаған 7 итбалық Каспий теңізіне қайта жіберілді t.me/knbgov_kz

Браконьерлер аулаған 288 бекіре тұқымдас балық пен 7 итбалық Каспий теңізіне қайта жіберілді. Smartnews.kz сайты бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2023 жылғы 30 сәуірде Қазақстан мен Ресей елдерінің шекара қызметтері ҚР-дың өзге де уәкілетті органдарымен бірге браконьерлік әрекеттердің жолын кесуге бағытталған жедел-рофилактикалық іс-шаралардың кезекті кезеңін өткізді:

photo

- Рейдтік іс-шаралар барысында Каспийдің Қазақстанмен шекаралас суларында 58 құқықбұзушы анықталып, 23 жүзу құралы алынды. Ұзындығы 100 шақырымнан асатын браконьерлік тор және өзге аулау жабдықтары тәркіленді.

- Табиғи мекендеу ортасына 288 бекіре тұқымдас балық, 13 мың ұсақ тұқымды балық және 7 итбалық жіберілді.

- 1 647 375 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Мемлекетке 588 млн теңгеден аса келтірілетін залалдың алды алынды.

«Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінің биологиялық байлығын қорғауға бағытталған шараларды жалғастырып жатыр», - делінген ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО) Астана маңында балаларды таситын автобус жол апатына ұшырады