936

Шымкентте жоғалған 18 жастағы жігіт өлі күйінде табылды

Волонтерлер 15 мамырдан бері із-түзсіз жоғалған Еркебұлан Қуанышбайдың өлі күйінде табылғанын хабарлады.

Шымкентте жоғалған 18 жастағы жігіт өлі күйінде табылды
volontery_almaty_lider.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкентте 15 мамыр күні жоғалып кеткен 18 жастағы Еркебұлан Қуанышбай өлі күйінде табылды. Бұл туралы Lider еріктілер қозғалысы мәлімдеді.

Волонтерлердің мәліметінше, жас жігіт биыл 15 мамыр күні шамамен сағат 12:00-де ПМК «Жұлдыз» мекенжайынан шығып кеткен. Содан кейін одан хабар болмаған.

Еріктілер марқұмның денесі нақты қандай жағдайда табылғанын жария етпеді.

Іздеуде жүрген Еркебұлан Қуанышбай 2008 жылы туған. Бойы шамамен 165-170 сантиметр болған. Шашы қара, көзі қоңыр.

Ол жоғалар күні қара футболка мен қара шалбар киіп шыққан.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 25 жастағы жігіттің жоғалғаны туралы ақпарат тараған еді.

Материал авторы