1020

Арқалықтағы су қоймасынан бойжеткеннің мәйіті табылды

Тергеушілер Арқалықтағы қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті.

Арқалықтағы су қоймасынан бойжеткеннің мәйіті табылды
shyndyk.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Арқалықтағы су қоймаларының бірінен бойжеткеннің мәйіті табылды. Оқиғаға байланысты полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, марқұмның денесінен зорлық-зомбылықтың көзге көрінетін белгілері анықталмаған.

Қазір тергеушілер болған жайттың барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.

Полиция тұрғындарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде расталмаған ақпарат таратудан сақ болуға шақырды. Сондай-ақ азаматтарға тек ресми ақпарат көздеріне сену қажеттігі ескертілді.

Материал авторы