Қытайда шахтадағы газ жарылысынан 80-нен астам жұмысшы мерт болды
Апат кезінде жер астында 247 жұмысшы болғаны белгілі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қытайда соңғы жылдардағы ең ірі өндірістік апаттардың бірі тіркелді. Чанчжи қаласындағы көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан 80-нен астам адам қаза тапты.
Xinhua агенттігінің мәліметінше, апаттан кемінде 82 адам мерт болған. Ал кейбір бұқаралық ақпарат құралдары құрбандар саны 90-ға жеткенін хабарлап отыр.
Қайғылы оқиға елдің орталық бөлігіндегі Люйшэнью кен орнында болған. Апат кезінде шахта ішінде 247 жұмысшы жүрген.
Қытай билігі оқиғадан кейін шахтаға жауапты Shanxi Tongzhou Group Liushenyu Coal Industry Co. компаниясының өкілін ұстаған.
Си Цзиньпин апаттың барлық мән-жайын толық тексеруді тапсырды. Сонымен қатар ол өңірлер мен жауапты ведомстволарды өндірістік қауіпсіздік талаптарын күшейтуге және қауіпті тәуекелдерді жоюға шақырды.
Қытайлық БАҚ-тың хабарлауынша, шахтада газ жарылған. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Үйінді астында қалған адамдар болуы мүмкін екені айтылды.
Материал авторы