Қостанайда автобус пен Toyota Alphard соқтығысты
Автобус жүргізушісі мен Alphard иесі ауруханаға түсті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанайда автобус пен Toyota Alphard көлігі қатысқан жол апаты болды. Оқиға салдарынан екі жүргізуші де ауруханаға жеткізілді.
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Назарбаев және Промышленная көшелерінің қиылысында болған.
Алдын ала дерек бойынша, автобус жүргізушісі кері бұрылу маневрін жасау кезінде Alphard көлігіне жол бермеген.
Салдарынан екі көлік соқтығысып, екі жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілген. Полиция мәліметінше, автобус ішінде жолаушылар болмаған.
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Материал авторы