Қазақстан қалаларында доллар қаншадан сатылып жатыр
25 мамырдағы айырбас бағамы жарияланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 25 мамырдағы Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубль бағамы жаңарды.
Kurs.kz дерегіне сәйкес, Астанада доллар орта есеппен 467,05 теңгеден сатып алынып, 473,93 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағасы — 542 теңге, сату бағасы — 551,98 теңге. Ал рубль 6,19-6,50 теңге аралығында саудалануда.
Алматыдағы айырбастау бекеттерінде доллар 470,61 теңгеден қабылданып, 473,02 теңгеден сатылуда. Еуро бағамы 546,75-551,75 теңге аралығында қалыптасты. Рубльдің құны 6,34-6,49 теңге шамасында.
Шымкентте долларды сатып алу бағамы 472,39 теңге болса, сату құны 474,42 теңгеге жеткен. Еуро 545,22 теңгеден қабылданып, 549,92 теңгеден сатылуда. Рубль бағамы 6,38-6,46 теңге аралығында өзгеріп тұр.
Ресми мәлімет бойынша, 25 мамырдағы валюта бағамы мынадай: бір доллар — 470,8 теңге, еуро — 545,99 теңге, ал рубль — 6,6 теңге.
Материал авторы