761

Атырау облысында жасөспірімдердің жаппай төбелесі жұртты шошытты (ВИДЕО)

Оқиғаға 13-14 жастағы жасөспірімдердің қатысы бары анықталды.

Атырау облысында жасөспірімдердің жаппай төбелесі жұртты шошытты (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысының Жылыой ауданында жасөспірімдер арасындағы төбелес видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарады. Оқиға қоғам арасында қызу талқыланып жатыр.

Атырау облысының полиция департаменті мәліметінше, бұл жағдай сәуір айында болған. Тәртіп сақшылары төбелеске қатысқан барлық жасөспірімнің кім екенін анықтаған.

Полиция дерегіне сәйкес, құқыққа қайшы әрекеттерге 13-14 жастағы жасөспірімдер қатысқан. Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерімен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Оқиғадан кейін жасөспірімдер ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне қойылды. Сонымен қатар жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілген.

Сондай-ақ полиция ата-аналарды да жауапқа тартқан. Оларға балаларды тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған.

Материал авторы