1362

БҚО тұрғындары Ресей шекарасы маңынан 10 шақты дронды байқаған (ВИДЕО)

Тұрғындардың айтуынша, белгісіз дрондар шекара бекеті үстінде қатарынан екі түн бойы ұшқан.

БҚО тұрғындары Ресей шекарасы маңынан 10 шақты дронды байқаған (ВИДЕО)
ЖИ / SMARTNEWS.KZ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысының тұрғындары Ресеймен шекара маңында белгісіз дрондардың пайда болғанын хабарлады. Олардың айтуынша, ұшқышсыз аппараттар Сырым өткізу бекеті маңында қатарынан екі түн бойы байқалған. Бұл туралы Уральская неделя жазды.

Куәгерлердің сөзінше, шекара үстінде шамамен он шақты дрон айналып жүрген. Тұрғындардың бірі олардың Ресейдің Самара облысы жағынан ұшып келгенін айтқан.

«Шамамен он шақты аппарат болды. Олар өткізу пункті мен шекара бекетінің үстінен ұшты. Мұндай жағдайды бірінші рет көріп тұрған жоқпыз», — дейді куәгерлердің бірі.

Басылым редакциясына аспанда қозғалып жүрген нысандар түсірілген видео да жолданған. Журналистер жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ресми сауал жолдаған. Алайда әзірге ведомство тарапынан түсініктеме берілмеген.

Еске салсақ, Сырым автомобиль өткізу бекеті Батыс Қазақстан облысында Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан.

Бұған дейін, наурыз айында Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылы маңындағы даладан да ұшқышсыз аппаратқа ұқсас зат табылған еді. Ол кезде Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті дрон бөлшектеріне ұқсас нысан анықталғанын ресми түрде растаған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, Батыс Қазақстан облысында дрондарға қатысты оннан астам оқиға тіркелген. Соның ең шулысының бірі Ақсай қаласы маңында болған. Ол жерде дрон құлап, жарылып, жерде шұңқыр пайда болған еді.

Белгісіз ұшқышсыз аппараттардың жиі көрінуіне байланысты Қазақстан Қорғаныс министрлігі бұған дейін де арнайы түсініктеме беруге мәжбүр болған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор