Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында көш бастап тұр
Оның негізгі қарсыластары Арина Соболенко мен Елена Свитолина артта қалып жатыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің басталуына дейін WTA чемпиондық жарысында көшбасшылық орнын сақтап қалды.
Sports.kz дерегінше, Рыбакина қазіргі таңда 4318 ұпай жинап, рейтингтің бірінші сатысында тұр. Ол басты бәсекелестері — Беларусь спортшысы Арина Соболенко (4080 ұпай) және украиналық Елена Свитолинадан (3460 ұпай) озып келеді.
Өткен аптада ең үлкен серпілісті америкалық теннисші Эмма Наварро жасады. Ол рейтингте 56 орынға көтеріліп, 771 ұпаймен 28-орынға жайғасты. Бұл нәтиже Францияның Страсбург қаласында өткен турнирдің финалындағы жеңістен кейін тіркелді, онда Наварро канадалық Виктория Мбоконы (WTA чемпиондық жарысында 8-орын) жеңген.
Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева рейтингте екі саты төмендеп, 585 ұпаймен 44-орынға түсті.
Материал авторы