708

Доллар қанша болды: айырбастау пунктілеріндегі жаңа бағам шықты

Елдің ірі қалаларындағы айырбастау пункттері доллар мен еуроны жаңа бағамен сатып жатыр.

Доллар қанша болды: айырбастау пунктілеріндегі жаңа бағам шықты
REUTERS / Jo Yong-Hak

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 26 мамырдағы валюта бағамы жарияланды. Елдің ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубль бағасы әртүрлі деңгейде саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанадағы айырбастау орындарында доллар орта есеппен 468,02 теңгеден сатып алынып, 474,91 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы — 543,98 теңге, сату бағамы — 553,95 теңге. Ал рубль 6,20–6,50 теңге аралығында саудалануда.

Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 471,05 теңгеден қабылданып, 473,16 теңгеден сатылуда. Еуро бағамы 547,46–552,34 теңге аралығында. Ресей рублі 6,34–6,46 теңге деңгейінде саудаланып жатыр.

Шымкентте доллардың сатып алу бағасы 472,42 теңге болса, сату құны 474,42 теңгеге жеткен. Еуро 546,42 теңгеден қабылданып, 550,83 теңгеден сатылуда. Рубльдің бағамы — 6,38–6,45 теңге.

Ұлттық банктің 26 мамырға бекіткен ресми бағамына сәйкес, бір доллар 472,48 теңге, бір еуро 550,06 теңге, ал бір рубль 6,59 теңге тұрады.

Материал авторы