854

Оралда жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті

Орал қаласында жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оралда жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті
smartnews.kz

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 6 мамыр күні сағат 09.21-де Қ.Мусин көшесі бойында болды.

«№4 қалалық емхана маңында жедел жәрдем көлігі отқа оранды. Автокөлік газбен жабдықталған, өрт сөндіру құралы қолданылған. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жаудың» таралуы 09.41-де оқшауландырылып, сағат 09.45-те ауыздықталды. Жыл басынан облыста 29 автокөліктің өртенгені тіркелген», - деп хабарлады ведомстводан.

Оралда жедел жәрдем көлігі өртеніп кетті