995

Шымкенттік оқушыға әлемнің 74 университеті таласып жатыр

NASA ұйымдастырған жарыста топ жарған Дастан IT саласында да ірі жетістіктерге жеткен.

Шымкенттік оқушыға әлемнің 74 университеті таласып жатыр
instagram.com/shymkent_akimdigi

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласындағы №2 үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Дастан Рахыманберді халықаралық білім додаларында жоғары нәтиже көрсетіп, әлемдік деңгейдегі көрсеткішке қол жеткізді.

Түлек SAT халықаралық емтиханынан 1480 балл, ал IELTS бағдарламасы бойынша 7.0 ұпай жинаған. Қазірдің өзінде оған әлемнің 12 еліндегі 74 беделді университеттен ресми шақырту түскен.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Дастан жетістікке жету жолын бесінші сыныптан бастаған. Ол астрофизикадан республикалық олимпиадада І орын иеленген, «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық байқауында ІІІ орын алған. Сондай-ақ Қазақстандағы алғашқы қаржылық сауаттылық олимпиадасында ІІ орын жеңіп алған.

Мектеп оқушысы IT саласында да көзге түскен. Ол халықаралық және республикалық деңгейдегі 15-тен астам хакатонның жүлдегері атанған. Оның жетістіктерінің қатарында NASA ұйымдастырған жарыстағы жоғары нәтиже де бар.

Бұдан бөлек, Дастан қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласады. Соңғы жылдары ол 40-тан астам ірі волонтерлік шараға қатысқан.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор