Ақтөбеде соңғы қоңыраудан кейін мектеп қызметкері көз жұмды
Марқұм мектеп қызметкері ауруханада көз жұмды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысының Қарғалы ауданындағы Жосалы ауылында мектеп қызметкері қайғылы жағдайда қаза тапты. Оқиға 25 мамыр күні, соңғы қоңыраудан кейін болған. Бұл туралы «Диапазон» басылымы жазды.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, 59 жастағы ер адам мектепте слесарь болып жұмыс істеген.
Сол күні түскі уақытта ол отбасы және достарымен бірге Қуағаш өзеніндегі бөгет маңына демалуға барған. Алайда суға түсуге арналмаған орында қайғылы жағдай болған.
Куәгерлер ер адамды құтқарушылар келгенге дейін судан шығарып алған. Сол сәтте ол дем алмай жатқан. Оқиға орнында алғашқы көмек көрсетіліп, тынысы қалпына келтірілгеннен кейін зардап шегуші Бадамша ауруханасына жеткізілген.
Дегенмен дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады.
Материал авторы