485

Найзағай, нөсер, шаңды дауыл: синоптиктер қауіпті күн райын ескертті

Синоптиктер бірнеше облыста бұршақ аралас қатты жаңбыр болатынын да мәлімдеді.

Найзағай, нөсер, шаңды дауыл: синоптиктер қауіпті күн райын ескертті
pexels.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 28 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады. Синоптиктер бірқатар өңірде найзағай, қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл және шаңды боран болатынын ескертті. Кей аймақтарда желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Дауылды ескерту Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Түркістан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жарияланды. Сондай-ақ Астанада да найзағай мен бұршақ күтіледі.

Синоптиктердің мәліметінше, Қарағанды, Атырау, Ақмола, Павлодар, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Бірқатар өңірде бұршақ аралас нөсер жауын болжанып отыр.

Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауып, дауыл соғуы мүмкін. Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында өзендерде су деңгейі көтерілу қаупі бар. Мамандар су тасқыны болуы ықтимал екенін ескертті.

Сонымен қатар елдің бірнеше өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр. Әсіресе Ұлытау, Атырау, Қызылорда, Абай және Маңғыстау облыстарында жағдай күрделі.

Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға алыс жолға шықпауға, ауа райы ескертулерін қадағалап, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.  

Материал авторы