28 мамырдағы валюта бағамы: доллар қанша болды
Қазақстан қалаларындағы доллар, еуро және рубль бағамы жарияланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллар, еуро және рубльдің 28 мамырдағы бағамы жарияланды.
Kurs.kz дерегіне сәйкес, Астанадағы айырбастау орындарында доллар орта есеппен 475,07 теңгеден сатып алынып, 482,00 теңгеден сатылып жатыр.
Еуро бағамы 552,99 – 562,99 теңге аралығында болса, рубль 6,40 – 6,70 теңге диапазонында саудалануда.
Ал Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 475,18 теңгеден сатып алынып, 478,41 теңгеден сатылып жатыр.
Еуроның бағасы 554,97 – 560,70 теңге аралығында қалыптасқан. Ресей рублі 6,40 – 6,53 теңге шамасында саудалануда.
Шымкенттегі айырбастау орындарында доллар 478,25 теңгеден қабылданып, 480,42 теңгеден сатылып жатыр.
Еуро бағамы 552,56 – 559,44 теңге болса, рубль 6,42 – 6,50 теңге аралығында өзгеріп тұр.
Ұлттық банктің ресми бағамына сәйкес, бүгін 1 доллар – 477,48 теңге, 1 еуро – 555,83 теңге, ал 1 рубль 6,65 теңге болып бекітілген.
Материал авторы