622

ШҚО-да екі жасар қызға зорлық жасады деген күдікпен әкесі тергеліп жатыр (ВИДЕО)

Қыздың анасы әлеуметтік желі арқылы президенттен көмек сұрады.

ШҚО-да екі жасар қызға зорлық жасады деген күдікпен әкесі тергеліп жатыр (ВИДЕО)
instagram.com/suleimenova2155

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында екі жасар қызға қатысты зорлық жасалды деген күдікпен әкесі тергеліп жатыр. Бұл туралы бүлдіршіннің анасы әлеуметтік желіде жариялаған видеоүндеуде мәлімдеді.

Өскемен тұрғыны Қазақстан президентіне үндеу жолдап, қызына қиянат жасаған адамды қатаң жазалауға көмектесуді сұраған.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша Өскемен қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Күдікке ілінген — Шығыс Қазақстан облысының 36 жастағы тұрғыны.

«Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын атап өтті.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор