614

Түркістанда полицейдің мопедисті жүгіріп құлатқаны видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Қашпақ болған жүргізуші мен жолаушы полиция талабына бағынбаған.

Түркістанда полицейдің мопедисті жүгіріп құлатқаны видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістанда полиция мопед жүргізушісін ұстау кезінде ерекше көрініс түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Кадрларда тәртіп сақшысының секіріп барып мопедисті құлатып түсірген сәті көрінеді. Ал екінші күдікті қашып кетпек болады. Оқиға желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды.

Түркістан облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 2026 жылдың 24 мамырында Түркістан қаласында болған. Мопед жүргізушісі жол қозғалысы кезінде қауіпті маневр жасап, өзімен бірге жолаушының да, өзге көлік қозғалысына қатысушылардың да өміріне қауіп төндірген.

Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқан сәтте жүргізуші мен жолаушы көлікті тастап, заңды талапқа бағынбай қашуға тырысқан.

Тексеру барысында мопед жүргізушісінің тиісті құжаттары жоқ екені және көлік құралының тіркеуден өтпегені анықталған.

Мопед арнайы айып тұрағына қойылып, құқық бұзушы жауапкершілікке тартылған.

Полиция департаменті тараған бейнежазба мұқият зерттеліп жатқанын да атап өтті.

«Осыдан кейін қызметкерлердің әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шешім қабылданады», — деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор