621

Рыбакина турнирден күтпеген жерден шығып қалды

Үш сетке созылған матчта фаворит саналған Рыбакина күтпеген жерден жеңіліп қалды.

Рыбакина турнирден күтпеген жерден шығып қалды
GETTY IMAGES

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 2-орында тұрған Елена Рыбакина 2026 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінде сенсациялық түрде жарысты ерте аяқтады.

Екінші айналымда ол әлемдік рейтингтің 55-орнындағы украиналық Юлия Стародубцевамен кездесті. Үш сетке созылған тартысты матчта Рыбакина 3:6, 6:1, 6:7 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша қазақстандық теннисші жарыстан шығып қалды, ал Стародубцева турнирдің үшінші айналымына жолдама алды.

Айта кетейік, Рыбакина «Ролан Гаррос» додасын сенімді бастады. Бірінші айналымда ол словениялық Вероника Эрьявецті айқын басымдықпен жеңген болатын.

Материал авторы