703

Астанада төрт жасар қыз жетінші қабаттан құлап қаза тапты

Куәгерлердің айтуынша, бүлдіршін терезеден маса торымен бірге құлаған.

Астанада төрт жасар қыз жетінші қабаттан құлап қаза тапты
syrmedia.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада көпқабатты тұрғын үйдің жетінші қабатынан құлаған төрт жасар қыз оқиға орнында қаза тапты.

Қайғылы жағдай туралы ақпарат алғашында Telegram-дағы syrmedia.kz арнасында тарады. Куәгерлердің айтуынша, бүлдіршін терезеден масаға қарсы торымен бірге құлаған.

Астана қалалық полиция департаменті баланың терезеден құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Ведомствоның алдын ала мәліметінше, төрт жасар қыз жетінші қабаттың терезесінен құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болған. Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция ата-аналарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертті.

Тәртіп сақшылары балаларды қараусыз қалдырмауға, бала бар кезде терезені ашық ұстамауға, маса торына сенбеуге шақырды. Сондай-ақ терезелерге арнайы бекіткіштер мен қорғаныс құрылғыларын орнату, балалар терезеге өздігінен жақындай алмауы үшін жиһазды терезе маңынан алысырақ қою қажеттігі айтылды.

Материал авторы